Тұңғышбай Жаманқұлов жеген ақшасын бюджетке қайтарып берді
Тұңғышбай Жаманқұлов жеген ақшасының 6 миллионын мемлекетке қайтарды. «Феникс» фильміне бюджеттен бөлінген 69 миллион теңгені қалтасына басты деп айтыпталған актер қалған ақшаны да түгел төлеймін деп уәде беріпті.
Автор: Жәудір Оразхан
16.11.2016
Тергеу мәліметтеріне сенсек, атақты актер «Феникс» фильміне деп бюджеттен бөлінген миллиондардың жартысынан көбін жымқырған. Онысын тергеу кезінде мойындаған да. Қазір ол кепіл ақшамен бостандықта жүр. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы актердің интернет арқылы жасаған үндеуіне қатысты да пікір білдірді. Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, Жаманқұлов тергеуде кінәсін мойындағандықтан, мұндай таспа-үндеулер өзі берген түсінікке қайшы келеді екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!