Қамауға алынған журналист Ғабдуллинге қатысты жаңа дерек шықты
Бүгін терегушілер Алматыда белгілі журналист Бигелді Ғабдуллинге тиесілі ақпарат-сайттардың кеңсесін тінтіді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері редакциядан бірнеше компьютер мен құжаттарды тәркілеген.
Автор: Жәудір Оразхан
16.11.2016
«Радиоточка.кз» сайты мен «CentralAsiaMonitor» газетінің басшысы шенеуніктерден ақша бопсалады деп айыпталып жатқанын айта кетейік. Ғабдуллин өзіне тиесілі газет-сайттарға мемлекеттік мекеме басшыларына қатысты сыни мақалалар жариялап отырған. Ал шулы материалдарды алып тастау үшін ақша сұрапты. Сөйтіп белгілі журналист жеті ведомствоның басшысынан пара талап еткені анықталған. Ғабдуллинге қатысты арыз жазғандардың арасында Жамбыл облысының әкімдігі бар. Журналист жамбылдық шенеуніктерден 10 миллион теңге сұраған көрінеді.
Қайрат Қожамжаров, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
-Бигелді Ғабдуллин Жамбыл облысының әкімдігінен бөлек бірқатар министрліктен де пара сұраған. Тергеу ашық жүріп жатыр. Сондықтан тексеру кезінде анықталған дәлелдердің барлығын жариялаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!