{metadescription}

Ішкі Істер министрлігі сәбиді аяусыз ұрған әйелге іздеу жариялады

Сәбиді аяусыз ұрған әйелдің кім екені анықталды! Бірақ нәрестені беталды сабап, жұртты шошытқан ана әлі ұсталмаған. Қазір ол жер-жерден іздестіріліп жатыр.

-Жап, жап!

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жуырда ғана таралған болатын. Дегенмен, ол бірнеше ай бұрын түсірілген екен. Онда әйелдің бейкүнә сәбиді бетінен тоқтаусыз ұрып жатқаны анық көрінеді. Ал нәресте шырылдап жылап жатыр. Бейнежазбаны 8 жасар қыз түсірген болуы мүмкін. Оны жеткіншектің өзі айтып берген көрінеді. Ал оқиға Алматыдағы «Алтын орда» базарының маңайында болған деген болжам бар. Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Біреулер тіпті оны монтаж, ал баланы «қуыршақ» деп ойлады. Енді олай еместігі анықталып отыр.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Интернетте баланы ұрып жатқан әйелдің бейнежазбасы жарияланған болатын. Осыған байланысты, 11 қарашада Ішкі істер органдары әйелдің тұлғасын анықтады. Аталған факт бойынша сол күні  Алматы облыстық Ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 140- бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде