{metadescription}
Қазақ баспасөзі жаңа спорт журналымен толықты
Қазақ баспасөзі жаңа спорт журналымен толықты

Қазақ баспасөзі жаңа спорт журналымен толықты

«Саңлақ» деп аталатын басылым еліміз бен шетелдің спорт жұлдыздары, сондай-ақ, спорт әлемінің өзекті мәселелері жөнінде сөз қозғамақ.

Редакция өкілдерінің айтуынша, «Саңлақ» - қазір елімізде спорт тақырыбында түрлі-түсті болып шығатын жалғыз журнал. Оның үстіне, жалаң мәліметтер емес, сараптама мақалалар жазылатындықтан, бұл басылым көптің сұранысына ие болады деген сенім бар. Жаңа журнал енді ай сайын шығарылмақ. Ал оның алдағы нөмірлерінде Алматыда өтетін Қысқы Универсиада ойындары туралы жан-жақты зерттеу мақалалар жарияланбақшы.

Сәкен Сыбанбай, «Саңлақ» журналының бас редакторы:

-Қазір жастар болсын, орта буын болсын, бәрі мәліметті ғаламтордан алуға тырысады.  Бірақ, осы салада әлгі түрлі-түсті спорт журналының жоқтығы мүмкін біздің оқырмандарымыз күтіп жүрген нәрсе шығар, күтіп жүрген жаңалық шығар деген ой басып кетті да жаңағы күдігімізді. Сонымен тәуекел етіп отырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.