{metadescription}

Алматыға бағыт алған пойыздан радиоактивті жүк анықталды

Пойыздан табылған қауіпті жүк! Шымкент вокзалында «Маңғышлақ-Алматы» пойызынан қауіптілігі қалыпты нормадан ондаған есе жоғары радиоактивті жүк анықталды.

Белгісіз азамат көлік прокуратурасына телефон шалып вагондардың бірінде өте қауіпті заттың барын айтыпты. Содан кейін полиция вагондар құрамын түгел тінтіп шыққан. Нәтижесінде вагондардың бірінен «дефектоскоп» деп жазылған 7 жәшік анықталды. Дозиметрлік тексеру кезінде жүктердің радиациясы рұқсат етілген нормадан ондаған есе жоғары екені белгілі болған. Улы жүк тұрған вагон ажыратылған соң пойыз өз бағытымен кетті. Қазір бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, радиациялық жүк сараптамадан өткізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде