{metadescription}

Атырауда учаскелік полиция отырған үйдегі 30-дан аса пәтерді ұрылар үптеп кетті

Атырауда көпқабатты үйді ұрылар үрейде ұстап отыр. Соңғы бір-екі айда мұнда 30-дан астам пәтер тоналған. Сұғанақтар қазір тіпті түнді қойып, күндіз де емін-еркін иесіз пәтерлерді үптеп кетіп жүр. Еркінсігендері сонша, ыдыс-аяқ, азық-түлік пен іш киімге дейін қоймай жатыр екен. Ең сорақысы, ұрылар осы үйдің бірінші қабатында орналасқан полиция бөлімін де пысқырмайтын көрінеді.

Мына 9 қабатты үйден жақында ғана пәтер алған тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Жанын салып жүріп жиған дүние-мүліктерінің ұрыларға олжа болып тұрған жайы бар. Соңғы кездері түн баласы көз ілуден қалдық деген жұрт ұрлықтың әуелі жоғары қабаттарда басталып, енді бірте-бірте төменге түсіп келе жатқанын айтады.

Бауыржан Елбаев, Атырау қаласының тұрғыны:

- 9-шы қабатта 13 пәтер  тоналған, 8-ші қабатта 10 пәтер, 7-ші қабатта 7 пәтер, 6-шы қабатта  3 пәтер, 5-ші қабатта 5 пәтер  тоналған.

Жиған-тергені ұрылардың қолында кетіп жатқанына ашулы тұрғындар  мұның бәріне осы үйдің жоғары қабаттарынан пәтер алған жетімдер үйінің түлектері кінәлайды. Бір пәтерге жиналып, күндіз-түні жын-ойнақ жасайтын олар тіпті бір-бірін тонаудан да тайынбайды екен. Араларындағы тұрмысын түзеуге талпынған жетімдердің де жиғанын жырып, ақырында бірнешеуі пәтерлерін тастап, безіп кетіпті.

Айна Ишекова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Шынымен негізі жоғарыдағылар кінәлі. Мен солай айта алам. Өйткені, 100-ден астам балаға  бір жерден берген. Мынау қазір үй  емес. Анығын айтқанда, интернат сияқты.

Бір қызығы, осы үйдің бірінші қабатындағы учаскелік полиция бөлімі де ұрыларға тосқауыл бола алар емес. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлық көбіне түнде жасалады. Ал олардың жұмыс уақыты таңертеңнен түнгі 11-ге дейін екен. Десе де, полицейлер ұрыларды ұстау амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Рүстем Жұмабаев, учаскелік полицей:

-Тергеу тобы айналысып жатыр. Хабарын береді бұл кісілерге. Арыздары тіркеліп, қаралып жатыр.

240 пәтерлік бұл жатақхана негізінде ауған соғысы ардагерлері мен жетімдерге өткен жылы берілген. Араларында апатты жағдайдағы үйлерден көшірілгендер де, түрмеден шыққандар да бар. Енді мұндағы тұрғындардың көпшілігі әртүрлі әлеуметтік топты бір жерге жинап қойған әкімшіліктен жағдайды бақылауға алуын талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде