Бесіктегі сәбиді аяусыз ұрған әйел Өзбекстаннан табылды
Нәрестені аяусыз сабаған әйел Өзбекстанда ұсталды. Өзі сол елдің азаматы екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
17.11.2016
Кінәсын де бірден мойындаған. Оның мұндай әрекетке бару себебі анықталуда. Еліміздің Ішкі істер министрлігі озбыр келіншекті жауапқа тарттыру мәселесін де көтеріп отыр. Қазір соған байланысты халықаралық құжаттар дайындалып жатыр екен. Айта кетейік, жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жуырда ғана таралған болатын. Дегенмен, ол бірнеше ай бұрын түсірілген. Онда әйелдің бейкүнә сәбиді бетінен тоқтаусыз ұрып жатқаны анық көрінеді.
Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
-Аталған Өзбекстан азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған. Осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында оны жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!