{metadescription}
Зырян қаласын жылусыз қалдырған шенеуніктер халық алдында ұятты екендерін мойындады
Зырян қаласын жылусыз қалдырған шенеуніктер халық алдында ұятты екендерін мойындады

Зырян қаласын жылусыз қалдырған шенеуніктер халық алдында ұятты екендерін мойындады

Зырян қаласының тұрғындары үйлерінде бүрсеңдеп отыр. Өйткені жаз бойы жылумен жарылқаймыз дегендер сол күйі істерін шала аяқтапты.

Зырян қаласындағы жылу құбырын жөндеуге коммуналшылар 6 ай бұрын кіріскен. Желіні жаңартқанымен, көше бойлай қазылған құдықты көмуді ұмытып кетіпті. Әрі құбырды аяздан қорғау үшін қымтамаған да. Енді онысын қар басып, қырық градус аязда жылу үйлерге жетпей, суып кетуде. Әкімдік болса, бұған мердігер компанияларды кінәлап отыр. Ісін шала атқарғандарды сотқа да сүйреп көріпті. Бірақ шенеуніктердің онысынан түк шықпаған. Өйткені айыппұл төлеп құтылады екен. Енді жылу құбырларының қашан толық іске қосылатынан зыряндық атқамінерлердің өздері де білмейді.

Ерған Қанафиев, Зырян аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

-Істі шала атқарғандар бізді жерге қаратты. Халық алдында ұяттан өлетін болдық. Енді жылумен толық қашан қамтамасыз ете алатынымызды білмейміз. Мердігер компания 20-шы қарашаға дейін бітіреміз дегендері құр уәде. Істері өнбей жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде