{metadescription}
Алматы облысында бірнеше ауыл қар құрсауында қалып қойды
Алматы облысында бірнеше ауыл қар құрсауында қалып қойды

Алматы облысында бірнеше ауыл қар құрсауында қалып қойды

Алматы облысында соңғы күндері толассыз жауған қардың кесірінен бірнеше ауыл аралда қалғандай күй кешуде. Барар жолдарды қар басып, электр жарығы мен телефон байланысы үзілген. Тіпті ауыр техниканың өзі бұл елді-мекендерді қардан аршып үлгере алмай жатыр. Бұған ашулы тұрғындар қар тазалауға жариялаған байқауды кім көрінген ұтады деп наразы.

Қармен арпалысып жатқанына бесінші күн болған Қоғалы ауылының тұрғындары көшеге шығудан қалған. Омбы қар, үдің шатырына дейін көміп тастаған. Ал көшені тазалауға шыққан техниканың өзі қарға батып, ауылдың әр жерінде қаңтарылып тұр. Ол аздай, ұйытқып соққан қарлы боран электр бағаналарын құлатыпты. 

Ярулла Хамитов, Қоғалы ауылының тұрғыны:

-Бұл – жылда қайталанатын жағдай. Қар жауған сәтте-ақ траткорлар бірден іске кіріссе, бұлай болмас еді. Қазір қардың қалыңдығы бір жарым метр. Енді тіпті  бұл омбыға грейдердің де шамасы келмейді. Телефон да істемейді.

Тұрғындар бұл жағдайға тендер жариялағандарды кінәлайды. Айтуларынша, компьютер автоматты түрде ең арзан баға қойған қызмет ұсынушыны жеңімпаз деп таниды да, оның бұл жұмысты атқаратын жағдайы бар ма, жоқ па, ол жағын ешкім тексермейді екен.

Николай Бақтыбаев, Қоғалы ауылының тұрғыны:

-Тендер жүйесі өзінің қауқарсыздығын талай дәлелдеді емес пе? Ол тек біреулердің қалтасын қалыңдату үшін жасалған ба деймін.  Қоғалыға тракторшылар штаты мен жақсы грейдер керек. Қар жауса бірден тазалауға шығып отырмаса, кейін оны игере алмай қалады.  

Халықтың бұл пікірін жергілікті әкім де қолдап отыр. Самат Исабаевтың айтуынша, қолында бірде-бір техникасы жоқтар қар тазалауға жарияланған байқауды жеңіп алуы ақылға қонымсыз. 

Самат Исабаев, Қоғалы ауылдық аймағының әкімі: 

-Оның жұрттан сұрап жүріп тапқан техникасы көшені тазалауға шықты. Бірақ қалың қарға шамасы келмей,әне қаңтарылып тұр. Ана жерде грейдер де жүре алмай қалды. 

Қазір Кербұлақ ауданындағы Күреңбел, Шаған, Көкбастау және «Аурухана қалашығы» деп аталатын ауылдардағы жағдай тым ауыр. Бұл елді мекендердің балалары бір апта бойы сабақтан қалғаны былай тұрсын,  үзілген қатынас салдарынан оларға азық-түлік жеткізудің өзі мұң. Аудан атқамінерлері жергілікті шаруа қожалықтарынан қосымша техника сұратыпты. Оларға жанармайға деп бір миллион теңге бюджеттен бөліп қойса да, жағдайдың бүгін-ертең оңалар түрі көрінбейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.