{metadescription}

Алматы әкімдігі жолдарды қардан аршып үлгермеуінің себебін түсіндірді

Алғашқы қар алматылықтарды әбден әбігерге салуда. Ауа-райының күрт өзгеруі, әсіресе, жүргізушілердің жүйкесін жұқартты.

Себебі, атқамінерлер алып шаһарды дер кезінде ақ ұлпадан тазартып үлгермеген. Соның салдарынан көшеде көлік кептеліп, жұрт жұмысқа жете алмай жанталасты. Түннен бері жол апаты да жиілеген. Мәселен соңғы бір тәулікте 100-ден астам көлік соқтығысып, 17 адам жарақаттаныпты. Қаладағы қозғалыстың қиындауын шенеуніктер тиісті техниканың жетіспеушілігімен түсіндіріп отыр.

Елдар Келдібаев, Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

-Қалада 18 миллион шаршы метр жол бар. Оны толық тазартуға төрт сағат керек. Ал құм себуге тағы сонша уақыт кетеді. Ал бұдан да тез қимылдау үшін өте көп техника қажет. Бірақ ол бюджет үшін тиімсіз.

Қолайсыз ауа райынан ұшақтар да кестеден кешігіп жатыр. Бүгіннің өзінде 6 рейс уақытында ұшпай қалыпты. Ал ауа-райын болжаушылар қарлы-боранның әлі де жалғасатынын айтады. Тіпті солтүстік облыстарда сенбі-жексенбі күндері күн күрт суытып, 40 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде