Ақтөбелік террористер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ақтөбеде жазда болған лаңкестік оқиға кезінде тірі қалған 9 содыр қалған өмірлерін темір торда өткізуі мүмкін. Бүгін оларға мемлекеттік айыптаушылар осындай жаза кесуді сұрады. Сондай-ақ жиһадқа шықпай жарты жолдан қайтқандардың да жазасыз қалмауын талап етіп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.11.2016
Лаңкестердің қылмысын дер уақытында хабарламағаны үшін 17 ақтөбелікке де айып тағылғанын айта кетейік. Енді прокурорлардың өтінішін судья құптаса, олар да 4 жылдан 6 жылға дейін түрмеге отырады. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушылар содырларға жасырыну үшін пәтер жалдап берген тағы екі жігітті 5 жылға кесуді сұрады. Атышулы процесс аяқталуға жақын. Келер аптаның басында айыпталушылар соңғы сөздерін айтады. Әзірге сот отырысы абақтыда өтіп жатыр. Естеріңізге салсақ, бұл содырлар маусым айында Ақтөбеде қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!