Тұңғыш Президент қоры үздік студенттерге стипендия таратты
Сабақ үлгерімі үшін үшін – сыйақы! Тұңғыш Президент қоры жақсы оқитын студенттерге ай сайын 40 мың теңге стипендия беруді әрі қарай жалғастырды. Бұл жолы да кілең үлгерімі жоғары, білімді жастарға сыйақы таратылды. Стипендия иегері атануға 400-ден аса студент өтініш түсіріпті. Үміткерлердің ішінен тек үздіктер ғана емес, тәртібі үлгілі, яғни сабақтан қалмай жүргендер Президенттің арнайы сыйлығына қол жеткізді.
Автор: Аруна Ортай
18.11.2016
Бұл «сен тұр, мен атайын» дейтін студенттер. Сабағы кілең бестік, халықаралық олимпиадалардың алтын жүлдегерлері. Бүгін олар жүлделердің жүлдесіне қол жеткізді.
Кәмила Ахметова, стипендия иегері:
-Осы стипендия үшін 2 жыл жақсы оқыдым, байқауларға қатыстым. Осыны көріп, Тұңғыш Президент Қоры осындай стипендия беріп жатыр. Өте қуаныштымыз біз.
Алтынай Мұхаметқалиқызы, стипендия иегері:
- Қазақстан Республикасы Президентіне өте үлкен алғысымды білдіремін. Өйткені осындай қорды ұйымдастыру және де осы қордың атынан бізге стипендия бөліп жатқаны ол өте үлкен дәреже.
Тұңғыш Президент қорының арнайы сыйлығы тек сабағы жақсы студенттерге ғана арналған. Яғни қор қызметкерлері оларды қамқорлығына алып, ай сайын 40 мың теңгеден қаржы беріп тұрады. Оны студент өзінің қалауынша жарата алады. Бұл білімгердің бір жыл бойы алаңдамай сабақ оқуына жарайды.
Артур Жұмашев, Тұңғыш Президент қорының пиар-менеджері:
– Бұл – студентерді қолдауға бағытталған шара. Стипендияны алу үшін білімгердің үлгерімі жақсы болуы шарт. Сонымен қатар, үміткер қоғамдық шараларға белсене араласуы қажет. Осылайша, біз білім алып жатқан жастарға қамқорлық көрсеткіміз келеді.
Сыйақы иегері атануға 400-ден аса студент өтініш түсіріпті. Іріктеудің бірден бір шарты – үміткер тек үздік оқып қана қоймай, тәртібі де үлгілі болуы қажет. Яғни, сабақтан бір рет те қалмауы тиіс. Осы талаптарға сай келетін 80 студент таңдалып, тиесілі стипендиясы тапсырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!