Атырауда лауазымды орындарды сатқан шенеунікке қатысты сот үкімі шықты
Кабинетінде пара алып жатқан кезінде ұсталған Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы департаментінің Атырау облысы бойынша басшысы Қамбар Теміров 5 миллион 250 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сонымен қатар ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыспауы тиіс.
Автор: Жанар Низамутдинова
18.11.2016
Қарамағындағыларға лауазым сатып, тіпті жер учаскесін де кезексіз алып берем деп жалпы көлемі 800 мың теңгеден асатын пара алған Теміров өткен айда ұсталған болатын. Нақтырақ айтқанда, ол Исатай аудандық бөлімшесінің басшысы қызметіне орналастыру үшін 100 мың теңге алса, Индердегі бас маманының орнын 50 мыңға бағалапты. Бұдан өзге Атырау қаласы аумағынан кезексіз жер алып берем деп тұрғындардан жалпы құны 670 мың теңгеге жуықтайтын қымбат сыйлықтар алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!