Желтоқсанда тұрғындар 12 күн демалады
Он екінші айда 12 күн демаламыз! Алдағы желтоқсанда ресми мерекелермен бірге, сенбі-жексенбі күндерін қоса есептегенде, қазақстандықтар екі аптаға жуық демалыс алады.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.11.2016
Тұңғыш Президент күні аптаның бейсенбісіне түседі. Ал Тәуелсіздік күніне берілетін екі тәуліктің бірі сенбіге тура келеді. Сондықтан, ол дүйсенбіге, яғни 19-ына ауыстырылады. Сөйтіп, бұл мерекеде қатарынан 4 күн демалыс болады. «Egov» Үкімет порталында жарияланған мәлімет бойынша, 1-қаңтар жексенбіге түсетіндіктен, атаулы дата 4-іне ауыстырылады. Осылайша, еліміз Жаңа жылды 31-желтоқсаннан қаңтардың 4-іне дейін тойлай алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары