{metadescription}

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ағасы жұмбақ жағдайда көз жұмды

37 жастағы азаматтың бірнеше күн бойы пәтерінен шықпағанынан күдіктенген көршілер тиісті орындарды шақырған. Олар есікті бұзып кіріп, жансыз денені тауыпты.

Асмат Цховребова, марқұмның көршісі:

- Әуелі есікті өзіміз ашқымыз келген. Сосын қызым тиісті орындардың қызметкерлерін шақырайық деді. Олар келіп, пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті ашты.

Бұл азаматтың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Көршілер жазда болған жан түршігерлік жағдай мен бұл өлімнің арасында байланыс болуы мүмкін деп отыр. Өйткені, інісі 6 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған соң, ағасы жұмысынан айрылып, ішімдікке үйір бола бастапты. Тамыр-таныстан да қарызға жиі ақша алып жүрген. Сірә, ел назарның өздеріне ауғанын көтере алмаса керек, - деп отыр көршілері. 6  жастағы Викторияны зорлап, айдалаға тастап кетті делінген күдікті отбасылы, 1 баласы бар. Әуелгі кезде ол өзінің қылмысын мойындағанымен, артынан айнып қалған. Бірақ генетикалық сараптама күдіктінің кінәлі екендігін растап берді. Қазір оған қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберуге дайындалуда. Ал зорланған қыз екі айдан астам уақыттан бері Астанадағы ауруханалардың бірінде өте ауыр жағдайда жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде