{metadescription}

«Қазақ көшінің» басталғанына – 25 жыл

Ширек ғасырда миллионнан астам қазақ елге оралды! Биыл тарыдай шашылған қандастарымыздың басын қосқан «Қазақ көшінің» басталғанына – 25 жыл. Осыған орай, Алматыда ауқымды мерекелік концерт өтті.

Тәуелсіздік жарияланғалы жан-жаққа таралған қазақтар ата жұртқа ағыла бастады. Биылдың өзінде 24 мыңға жуық адам елге оралған. Қазір олардың бәрі әр салада еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Алдағы уақытта да елге ел қосыла береді. Себебі, ұлы көш тоқтамай, одан әрі жалғаса бермек. Айта кетсек, Қазақстан – әлемде арнайы мемлекеттік бағдарлама құрып, қандастарын отанына жинаған үш елдің бірі.

Қуаныш Біләл, «Қамшы-ақпарат» қоғамдық қорының директоры:

- Олар жәй ғана оралып қойған жоқ. Өздерінің өнерін, алған білімін шетелден, қолында не бар, соны отаныма берейін, ата жұртыма берейін, сыйлайын, еңбекті осында сіңірейін деп келген қазақтар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде