{metadescription}
Ақтөбелік шенеуніктер жираф үшін жергілікті кәсіпкермен соттасып жатыр
Ақтөбелік шенеуніктер жираф үшін жергілікті кәсіпкермен соттасып жатыр

Ақтөбелік шенеуніктер жираф үшін жергілікті кәсіпкермен соттасып жатыр

Ақтөбелік шенеуніктер қала орталығындағы шағын зообақ пен балалар алаңын жоқ қылуды кәсіпкерден талап етіп отыр. Өйткені осыдан он жыл бұрын салынған нысандарға әлі күнге дейін рұқсат алынбаған екен. Ал кәсіпкер болса өз меншігіндегі жердің балалар үшін тегін пайдалануға берілгенін айтып, қарсылық білдіруде. Енді бұл дау сотта шешіліп жатыр. Ең қызығы, әкімдіктегілерге сол жердегі он жыл бұрын салынған тәуелсіздік монументінің көшірмесі де ұнамай қалыпты.

Жасы сексеннен асқан кәсіпкер Борис Байжарқыновтың өзін сотқа сүйреп жүрген жергілікті билік өкілдеріне өкпесі қара қазандай. Себебі, осыдан он жыл бұрын балалар үшін қала орталығынан салған шағын хайуанаттар бағы мен ойын алаңы шенеуніктерге ұнамай қалыпты. Сауап үшін тегін пайдалануға берген дүниесінің кесір болып жабысқанына қарт кәсіпкер күйінеді.

Борис Байжарқынов, кәсіпкер:

- «Бар болса көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды» дейді қазақ? Мен соттасып болдым. Енді кемпірімді соттап жатыр. Бұған ешкімді тигізбеймін. Мен осында ысырып жатқан трактордың астына жатам.

Әкімдіктегілер кәсіпкерге жерді мақсатсыз пайдаландың деген кінә таққан. Өйткені жекеменшік болса да, ол жерді абаттандыруға болмайтын көрінеді. Сондықтан сотқа жүгініп, сүріп тастауды қалайды. 

Зарина Бисембаева, Ақтөбе қалалық әкімдігінің бас маманы:

-Жер учаскесі мәселесі бойынша Ақтөбе қалалық сотына талап арыз берілген. Бүгінгі уақытта азаматтық іс қаралуда.

Ақтөбеде хайуанаттар бағын айтпағанда, балалар жазда еркін ойнайтын арнайы алаңдар мүлдем жоқ. Сондықтан тұрғындар қалтасына салмақ түспейтін бұл жерден айрылғылары келмейді. Ең қызығы, шенеуніктер Байжарқыновтың тәуелсіздіктің он бес жылдығы қарсаңында тұрғызған мына ескерткішінен қатені енді тауыпты. Араға он жыл салып алтын адамның бетін құбылаға емес, көшеге қарай бұрмаса бұзып тастайтындарын айтқан. Әйтсе де, кәсіпкер осыншама уақыт ай қараған сәулетшілердің дегеніне енді көнбеймін деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.