Қызылордада мұз құрсауында қалған қос аққу құтқарылды
Қызылордада көлге қыстап қалған құстар қатқан суда әбден тоңыпты. Аянышты күйге түскен қанаттыларды алдымен маңайдағы тұрғындар байқап, құтқарушыларға хабар берген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
21.11.2016
Көмекке келген төтенше жағдай қызметкерлері қос аққуды 2 күн жүріп, әрең қолға түсірді. Себебі, құстар алғашында әрі-бері қашып, ұстатпай қойған. Қазір оларды ветеринарлар қарап жатыр. Мамандар құстарды еркіндікке жіберу немесе Шымкенттегі зообаққа орналастыру мәселесін шешпек. Олардың айтуынша, аққулар айдын көлін қимағандықтан емес, артық салмақтың кесірінен алыс жаққа ұша алмаған.
Мейрамбек Доспамбетов, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:
- Ұстау қиын болды. Азанда 8 жарымда қайықпен барып аққуды ұстадық. Соны орман шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!