Атыраулық полицейлер үлкен даудан кейін ғана ұрыларды ұстай бастады
Атырауда пәтер тонап, тұрғындардың мазасын қашырған ұрылардың алды ұстала бастады. Бүгін тәртіп сақшылары 5 бірдей көршісін үптеп кеткен сұғанақты қолға түсірді.
Автор: Жанар Низамутдинова
21.11.2016
Жетімдер үйінде тәрбиеленген 19 жастағы мына жігіт сыбайластарының болмағанын, қылмысты бір өзі жасағанын айтып азар да безер. Ұрлаған заттарын қала базарларына өткізіп үлгергенмен, олардың барлығы иелеріне бітіндеп қайтарылып жатыр. Дәл осы үйден пәтер ұрлығына қатысты 21 арыз тіркеліпті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрылардың емін-еркін тайраңдауына тұрғындардың өздері де мүмкіндік берген. Себебі, апталап, айлап пәтерлерін иесіз қалдырып кетеді және есіктерінің кілттерін ауыстыруды қажет санамайды екен. Бірақ, полицейлер көп ұзамай ұрылардың бәрін ұстап, тұрғындардың заттарын иелеріне табыстаймыз деп отыр. Ұрлығымен аты шыққан үйдің бірінші қабатында учаскелік полиция пункті тұрғанын да айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!