Бозымбаев Астанадағы бензин тапшылығын түсіндірді
Бозымбаев бензин бағасына қатысты болжам жасады. Энергетика министрінің айтуынша, жақын арада жанармай құны аса қымбаттамайды. Тапшылық та болмайды екен.
Автор: Жәудір Оразхан
21.11.2016
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
- Бензинді Ресейден алып, сататын болсақ, 1 литрдің бағасы 140 теңге болуы керек. Бірақ өзіміздің бензин бар. Екеуін қосқанда әділ баға 135-140 теңге айналасында болады. Сондықтан қараша айында 92 маркалы бензиннің бағасы 130 теңге болуы тиіс.
Ал Астанада демалыс күндері АИ-92 маркалы бензин тек талонмен сатылып жүргізушілердің түсінбестігін туғызған. Бірақ министр тапшылықты аязбен байланыстырып отыр. Яғни, күн күрт суып кеткен соң жанармайға деген сұраныс екі жарым есеге артып, бекеттер бензин жеткізе алмай әлекке түсіпті. Қанат Бозымбаевтың өзі Астананың жанармай құю орталықтарын тегіс аралап шықтым деп ақталды. Оның үстіне қазір қоймаларда 102 мыңға жуық тонна бензин бар. 2018 жылы еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуден өткеннен кейін мүлдем жоқшылық жойылады екен. Ал қазір ішкі сұраныстың 30 пайызы Ресейге тәуелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!