Педофил зорлаған 6 жасар ақтаулық кішкентай қыз ақыры тілге келместен көз жұмды
Астанада үш ай бойы комада жатқан Виктория Минина бірнеше сағат бұрын ғана тыныс алуын тоқтатқан.
21.11.2016
Дәрігерлер Викторияның миы өлгенін айтып, ауыр диагноз қойған еді. Бірақ кішкентай қыздың анасы баласының есін жиып, тілге келеріне соңына дейін сенген. Енді қайғыдан қан жұтқан қыздың жақындары мәйітті туған жері Ақтауға алып кетпекші. Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға тура 3 ай бұрын болған. 6 жастағы қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған болатын. Сөйтсе, педофил бүлдіршінге ойына келгенін істепті. Көп ұзамай азғын да тұсталып, қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!