{metadescription}

Бірнеше облыста тағы сабақ тоқтады

Қатты аяздың беті қайтар емес. Еліміздің бірқатар өңірлерінде  күннің суытуы салдарынан тағы да мектептерде сабақ тоқтатылды.Синоптиктер мұндай ауа райы сәрсенбіге дейін жалғасады деп отыр.

Бұл күндері еліміз бойынша ең төмен температура Шығыс Қазақстанда  тіркелді. Таңертең бұл облыста ауа райы -39 градусқа дейін суытты. Қатты аяздан жергілікті жылу-электр стансасындағы бірнеше қазандық істен шыққанымен, шығыстағылардың бағына орай тез арада жөнделіпті. Сондай-ақ, өңірдің мектеп және колледж оқушылары үшін кезектен тыс демалыс уақыты ұзартылды. Ал Астана қаласы мен Петропавл, Қарағанды облыстарында таңертең термометр -29 градусты көрсеткен. Бұл өңірлерде 1-ші және 9-шы сынып аралығындағы оқушылар мектепке барған жоқ. 

Юлия Инютина, Петропавлдағы № 2 мектеп директорының орынбасары:

-Бүгін оқушылардың тең жартысы жоқ. Сабақ  болмайды дегенімен мектепке келген балаларды кері қайтармай, қалдырып оқыттық. Оларды ата-аналары көлікпен әкеліп, әкетіп жүр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде