Атыраулық белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аян 8 жылға сотталуы мүмкін
Бүгінгі жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушылар екеуіне осындай жаза кесуді сұрады.
Автор: Жанар Низамутдинова
21.11.2016
Сондай-ақ, Боқев пен Аянды 3 жыл бойы қоғамдық қызметтен аластату керек дейді прокурорлар. Айтуларынша, екі белсенді өздеріне тағылған айыппен келіспесе де, кінәлары толықтай дәлелденіпті. Еске сала кетейік, бұл екі азамат 21-ші сәуір күні жаппай митингте жердің шетелдіктерге жалға берілуіне қарсы шыққан болатын. Макс Боқаев пен Талғат Аянға қазір Қылмыстық Кодекстің 3 бабы бойынша айып тағылып отыр. Яғни, тергеушілердің тілімен айтқанда, Боқаев пен Аян әлеуметтік, ұлттық араздықты қоздырып, көпшілік шараларды өткізу кезінде көпе-көрінеу жалған ақпарат таратыпты. Және рұқсатсыз митинг өткізіп, шеру өткізу тәртібін бұзған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!