Алматыда балалар арасында байқау басталды
Алматыда балалар арасындағы халықаралық «ПИАНО ФЭСТ» байқауы басталды. Жүзге тарта жас өрен 3 күн бойы үздіктерін анықтамақ.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.11.2016
Қатысушылар Австрия, Оңтүстік Корея, Ресей және Қырғызстаннан келген. Жеңімпаздарды анықтайтын қазылар алқасының төрағасы да – шетелдік. Дегенмен, 7 және 25 жас аралығындағы жас өнерпаздардың басым бөлігі өз елімізден. Ел намысын қорғайтын балалар Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі музыка мектептерінен жиналған. Байқаудың өзі қатысушылардың жас мөлшеріне қарай жоғарғы және кіші топ болып бөлінген. Ал ән додасы Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп жатыр.
Біржан Хасанғалиев, П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің директоры:
-Әртүрлі жанрлар дамып келе жатыр. Соның ішінде фортепиано өнері менің ойымша сондай жоғары деңгейге жетуі керек. Осындай конкурстарда көрсетіп, өнерлерін көрсетіп, балалар ашылу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!