{metadescription}

Түркия билігі жаздағы бүліктен кейін қудалауды әлі жалғастырып жатыр

Бұл жолы, әскери төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен тағы 15 мың адам қызметінен қуылды.

Олардың 8 мыңы полиция қызметкері тағы екі мыңнан астамы әскерилер. Осылайша ел үкіметі соңғы төрт айда билікті басып алуға әрекеттенген  оппозиционер Фетхулла Гюленнің 32 мың жақтасын қамауға алып, тағы 110 мың азаматты мемлекеттік қызметтен қуды. Бұдан бөлек Түркиядағы 500-ден астам ұйым жабылған. Олардың ішінде қайырымдылық қорлары мен ақпарат құралдары да бар. Естеріңізге салсақ, биыл шілдеде бір топ әскери билікті күшпен тартып алуға әрекеттенген еді. Алайда ел үкіметі халық арасына іріткі салған төңкерісшілерге тойтарыс беріп, тыныштықты сақтап қалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде