{metadescription}

Қытайда ірі жол апаты болды

«Бейжің-Куньмин» қалаларын жалғайтын автобанда бір мезетте 56 көлік соқтығысқан. Соның салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы қырыққа жуығы жарақаттанды.

Оқиға орнында құтқарушылар мен жол сақшылары жұмыс істеп жатыр. Олар жолды тау болып үйіліп қалған темір-терсектен тазартып, қозғалысты қалпына келтіруде. Болжам бойынша, апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болған. Ал АҚШ-та мектеп автобусы апатқа ұшырады. Теннесси штатында 35 оқушы мінген қоғамдық көлік аударылып, ағашқа барып соқтығысқан. Оқыс оқиғадан алты бала көз жұмып, 23-і жарақаттанды. Осылайша соңғы бір аптада Теннесси штатында мектеп автобусы үшінші мәрте апатқа ұшырап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде