{metadescription}

Ұлттық бірыңғай тестілеуде дұрыс жауаптардың саны артты

Ұлттық бірыңғай тестілеуде енді бір емес, үшке дейін дұрыс жауап болады. Бұл өзгеріс қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих секілді гуманитарлық пәндерге қатысты.

Сәйкесінше, бірнеше дұрыс жауап болғандықтан ең жоғарғы ұпай 120 емес 140 бал болады. Бүгін бастан өзгертіліп жатқан тестілеу туралы айтқан Білім министрі жаңартылған ҰБТ қаңтар айынан бастап сынақ ретінде барлық мектептерде жүргізіле бастайтынын айтты. Ал,бұған дейін «Алтын белгі» мен түрлі халықаралық олимпиада жеңімпаздарын тестілеуден босату туралы айтылған еді. Бірақ, бұған министрлік қарсы. Мұндай озат оқушыларға тек конкурс кезінде жеңілдіктер қарастырылады дейді Ерлан Сағадиев. Бұдан бөлек, министр Қазақстан тарихын тестілеуден алып тастау керек дегендерге жауап берді. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Қазақстан тарихына келсек, оқушылар бұл пәннен келетін сұрақтарға емтиханда жауап беріп, ҰБТ-да қайта тапсырады. Дегенмен, Қазақстан тарихы өте маңызды пән. Сондықтан ол тестілеуде қала береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде