{metadescription}
Білім министрлігі аязға байланысты сабақтан қалып жатқан оқушыларға қатысты түсініктеме берді
Білім министрлігі аязға байланысты сабақтан қалып жатқан оқушыларға қатысты түсініктеме берді

Білім министрлігі аязға байланысты сабақтан қалып жатқан оқушыларға қатысты түсініктеме берді

Білім министрлігі кестеден қалып қойған мыңдаған оқушынының сабақты әрі қарай қалай жалғастыратынын түсіндірді. Себебі қатты аязға байланысты облыстарда бірнеше күннен бері балалар мектепке барып жатқан жоқ. Министрлік ата-аналарға  «Қазгидрометтен» жолданған смс-хабарламаға жіті мән беруін сұрап отыр.

Бүгін Қарағанды мен  Павлодардың 1 мен 4-ші сыныптың шәкірттеріне,  Өскемен мен Семейде 1-ден 11 сынып, тіпті колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмады. Өйткені бұл өңірлерде саршұнақ аяз. Ал Астанада осымен екінші апта оқушылар мектепке бармай, үйде отыр. Енді Білім министрлігіндегілер балалардың бағдарламадан қалып қоймай,  жылдық жоспарға үлгерудің амалын іздестіруде.

Бағым Көптілеуова, Білім және ғылым министрлігі басқарма басшысы:

-Сабақтың болмай қалған күні 5 күннен асып кетсе, онда мектептің оқу жоспарына өзгеріс енгізіледі. Себебі, балалардың сабақ болмаған кезде меңгермей қалған бағдарламалары, пәндері,  қосымша сабақтар өткізу арқылы, каникул кезінде үйге қосымша сабақтар беру арқылы және қашықтықтан оқыту  арқылы жүргізіледі

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде