{metadescription}

Қарағанды облысында шахтадағы апатқа кінәлілер жаппай жұмыстан қуылып жатыр

Қарағандыдағы Саран шахтасында 4 адамның өмірін қиған апатқа кәсіпорын басшылығы мен техинкалық қызметке жауаптылар кінәлі. Комиссия шешімімен бүгін шахта директорынан бастап, 16 жауапты тұлға жұмыстарынан шеттетілді. Өйткені олар апатқа ұшыраған кеншілерді тасымалдайтын техниканың ақауына мән бермеген. Енді бұл азаматтар апатқа байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жауапқа алынатын болады.

Аспалы монорельске ілінген адам таситын арбаны тіркейтін «Феррит» атты техника осы шахта ішінде алғаш рет 2015 жылдың наурыз айында қолданылыпты. Оның өзі 5 күн ғана жұмыс істеген екен. Бұл жолы кеншілерді жоғарыға шығарытын негізгі жол жөндеуге жабылғандықтан, кеншілер осы техникаға отырғызылған. Алайда, жарты жолда «Ферриттен» тіркеме үзіліп, төмен қарай сағатына 90шақырым жылдамдықпен құлдилапты. Машинст қозғалар алдында арнайы тежегішті іске қосуды да естен шығарған көрінеді. 

Нұрбек Құнанбаев, комиссия төрағасы:

- Комиссия құрылуы  керек болатын. Ол істелмеген. Солар кінәлі деп отырмыз. Олар қарау керек болатын.

Мамандар негізгі қате техниканы шахтаның дәл осы жеріне орналастыруда дейді. Себебі иірімі көп жолдағы бұрылыстың бірінде феррит пен вагонды жалғайтын тіркеме темір сынған. Комиссия техниканың ақауын дер кезінде анықтамаған және еңбек қауіпсіздігін сақтамаған, шахта директоры бастаған 16 адамды анықтады. Ал, компания басшылығы болса кадрларымыздың қателігі кесірінен қаза тапқан 4 кеншінің отбасына көмекті үйіп-төгеміз деп отыр.

Евгений Ромашин, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры:

-Әр отбасыға марқұмдардың 10 жылдық жалақысы ұжымдық келісім шарт аясында төленеді. Оның сыртында өз өтініштері бойынша әр отбасыға баспана алып беру шешімін қабылдадық және бала шағаларының оқуларының қаражатын көтеретін боламыз.

Ал апатта жарақат алып, ауруханаға түскен 5 кеншінің 4-еуі бүгінде үйлеріне жіберілген. Олардың да ем домы мен күтімін компания көтеретін болды. 

Арнайы комиссия шахтадағы техникаға жауапты адамдардың саны азын әшкерелеген. Мәселен, 4 адамның жұмысын біреуі атқарып келгені белгілі болып отыр. Сондықтан олар осы және анықталған басқа да олқылықтарды түзетуге 1 ай мерзім берді. Ал комиссияның қортындысы бойынша енді тергеу орындары жұмысқа жең түре кірісуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде