{metadescription}

Астананың атауын өзгертуге қатысты елде қызу пікірталас басталды

Астананың атауы Нұрсұлтан немесе Назарбаев деп өзгертілуі мүмкін. Бүгін депутаттар Елордаға Елбасының есімін берейік деп ұсыныс жасады. Ол үшін Парламенттің қос палатасы біріккен отырыс өткізіп, арнайы декларация да қабылдап үлгерді. Құжатта тіпті Назарбаевтың ерен еңбегін Конституцияға енгізіп, заңдастыру және Астанаға «Тәуелсіз Қазақстан» монументін орнату туралы жазылған. Бірақ соңғы сөз Нұрсұлтан Назарбаевта. Егер мемлекет басшысы бастаманы қолдаса елде жалпыхалықтық референдум өтуі ғажап емес.

Парламенттің біріккен отырысы өтеді деп  алдын ала айтылғанмен,  басты тақырыбы соңғы минуттарға дейін құпия ұсталды. Жиналған саяси элита мен министрлер қаралатын мәселені төменгі палатаға келгенде бір-ақ білді.  Сөйтсе, оларды сенаторлар мен мәжілісмендер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  Қазақстанның жетістіктері жазылған декларацияны қабылдау үшін шақыртқан екен. Тікелей Елбасының есімімен байланысты құжатқа   халық қалаулылары бірауыздан дауыс берді.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-Қабылданған декларацияда Тәуелсіз Қазақстан монументін орнату, сонымен бірге Елбасының бірегей үлесін Конституцияда көрсету, сонымен қатар Елбасы есімін Елорда мен басқа да маңызды нысандардың атауларына   айшықтау көрсетілген.

Осыны естіген бойда депутаттар Астананың атауын дереу ауыстыру керек деп даурықты. Сондай-ақ, Елордадағы ең сәулетті нысандар мен өзге де қалалардағы мемлекеттік ғимараттар да Назарбаевтың атымен байланысты болсын деген ұсыныс жасады. Халық қалаулыларының пікірінше, бас қалаға   Елбасының есімі не тегі берілгені дұрыс екен. Жалпы, 5 жыл бұрын да осындай ұсыныс болған. Бірақ ол кезде Елбасы Елордаға есімін беруден бас тартқан еді. Бұл жолы да соңғы сөз президенттің өзінде.  

Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты:

-Оны уақыт көрсетеді, білмейміз. Біз Елбасымен ешқашан   ақылдасып, сөйлесіп көргеніміз жоқ. Біз өз пікірімізді айттық. Елбасының еңбегі бар. Осы Астана қала болғаннан кейін осы жердің экономикасы көтерілді, тұрмыс жақсарды.

Осылайша, бүгін тосын ұсыныс жасаған депутаттар өздерін бүкіл Қазақстан халқы, тіпті, өзге елдердің қуана-қуана құптайтынына сенімді. Өйткені, шетелдіктер онсыз да Қазақстанды Назарбаевтың атымен байланыстырады екен.

Игорь Рогов, Конститутциялық кеңестің төрағасы:

-Бәріміз де шетелге шығамыз. Қазақстаннанмын десең болды, бәрі Назарбаевты еске алады. Бұл заңды да. Ал бүгінгі декларацияға келсек, Президент құжатты республикалық референдумға немесе Парламенттік талқылауға жіберуі мүмкін.

Ал депутаттардың ұсынысы Ақордадан қолдау тапса, Парламент Конституцияға да өзгеріс енгізбек.

Яғни, депутаттар Астанаға Назарбаевтың атын беріп қана қоймай, Конституцияға Елбасының есімін енгізбек. Ата заңның кіріспе бетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен «Мәңгілік Ел» идеясы арнайы парақшада жазылады. Сөйтіп, заң жүзінде Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Нұрсұлтан Назарбаев деп бекітпек.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде