{metadescription}

Алматыда үздік ақын-жазушылар анықталды

Жүзден жүйрік озған күн! Алматыда биылғы үздік ақын-жазушылары анықталды. «Алтын қалам» байқауында үздік шыққандарды оқырмандардың өздері таңдаған. Айта кетсек, бесінші рет өткізілген әдеби жүлденің ауқымы жыл сайын кеңейе түсуде. Бұл жолы оған шетелдік қаламгерлер де қызығушылық танытқан. Сөйтіп, жалпы саны 900-ге тарта шығарма бәйгеге қосылыпты.

Бұл - жылдың үздік ақын-жазушылары бас қосқан жиын. «Алтын қалам» жүлдегерлері еліміздің әр өңірінен арнайы шақырылып, салтанатты түрде марапатталды. Әр аталым иегеріне қаржылай сыйлықтар да бар. Биыл әсіресе «Үздік роман» аталымына ерекше көңіл бөлінген. Оның жеңімпазына миллион теңге тағайындалыпты. «Алтын қаламға» жалпы саны 900-ге тарта әдеби шығарма жіберілген екен. Ал жүзден жүйрікті оқырмандардың өздері дауыс беру арқылы таңдаған.

Расул Жұмалы, «Алтын қалам» әдеби байқауының ұйымдастырушысы:

-Арнайы интернет желісінде сайт ашылып, әрбір шығармаға дауыс беріліп, жүлдегерлерін біз марапаттадық. Бұл шын мәнінде әділ, халықтың ойынан шығатын шығармалар.

Осылайша, «Жылдың үздік поэзиясы» аталымында Дәурен Айманбетов, «Үздік проза» бойынша алматылық Жанел Әбузарова жеңімпаз атанды. Сайлау Байбосын - үздік сатиралық шығарманың иесі. Ал «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті» аталымын павлодарлық Гүлнұр Бауыржанова жеңіп алды. Ол 14 жасында кітап жазып, көпшілікті таң қалдырып отыр.

Гүлнұр Бауыржанова, байқау жеңімпазы:

-Басында өзім үшін жаза бастадым. Уақыт өте келе менің жеке оқырмандарым пайда бола бастады. Сол оқырмандарым арқылы мен өзіме шабыт тауып алып, кітабымды әрі қарай жазуға күш таптым.

«Алтын қалам» әдеби байқауының ауқымы да жыл сайын кеңейе түсуде. Мәселен, биыл жарысқа АҚШ, Малайзия, Германия және Ресейден қаламгерлер ерекше қызығушылық танытыпты. Ал байқаудың негізгі мақсаты – оқырмандарды бүгінгі қаламгерлермен таныстырып, көркем әдебиетке ынталарын ояту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде