Ақтөбеде шенеуніктер нан мен қант бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлерді сотқа берді
Ақтөбеде монополияға қарсы департамент нан мен қант бағасын көтергендерді сотқа берді. Енді аймақтағы қос бірдей наубайхана мен ірі супермаркеттер қымбатшылық себебін сотта түсіндіруі тиіс.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.11.2016
Жазда ас атасының көтерме бағасын наубайханалар бірден бес теңгеге өсірген. Мұны ондағылар бидай мен комуналдық қызмет құнының шарықтауымен түсіндіріпті. Бірақ тексере келе айтқан уәждері өтірік болып шыққан. Ал тамыз айында тосап қайнату үшін қант алғыштар көбейгенде супермаркеттер де қарап қалмапты. Олар бағаны он пайызға көтерген. Енді монополияға қарсы департамент өкілдері халықты қымбатшылықпен қанағандарды аямаймыз дейді.
Сағындық Ерғалиев, Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:
-Кәсіпкерлер бағаны өзара келісіп көтерген. Наубайхананың екеуі де бір күнде нан құнын қымбаттатты. Ал супермаркеттер әртүрлі тасымалаушылардан қант алады. Жеткізгендегі бағасы да әркелкі. Бірақ келісіп алып бір құнды қойған. Осы күдігіміз расталып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!