{metadescription}
Өскеменде көпірдің қирауына байланысты алғашқы болжам айтылды
Өскеменде көпірдің қирауына байланысты алғашқы болжам айтылды

Өскеменде көпірдің қирауына байланысты алғашқы болжам айтылды

Өскеменде оқыс оқиға! Ертіс өзеніндегі ескі аспалы көпірді бұзу кезінде бетон опырылып, 6 жұмысшыны басып қала жаздады. Құдай сақтағанда ажал құшқандар жоқ. Тек бір адам тобығын шығарып алған.  

Апатты жағдайда тұрған ескі өткел ақыры қирап тынды. Көпірдің бір бөлігі опырылып түскенде, екінші жағы көкке шошайып тұрып қалыпты. Оқыс оқиға кезінде сол маңда жүрген 6 жұмысшының төртеуі 70 метр биіктен төмен қарай сырғып түссе, екі адам қақ айырылған бетонның қиыр ұшында қалып қойған. Төбеде ілініп қалған екі адамды құтқаршылар әзер дегенде жерге түсірді. Божам бойынша, апат  45 жыл бұрын салынған көне өткелдегі негізгі тіреуіштің салмаққа шыдас бермей қирауынан болған. Яғни, ескі көпірді бұзып, жаңасын тұрғызғалы жатқан мердігер техникалық қауіпсіздікті сақтамаған болуы мүмкін.

Жандос Қоңыров, ШҚО прокуратурасының бірінші басқарма прокуроры:

-О қиғаның мән-жайын, себеп-салдарын кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында облыс прокуратурасымен қазірде тексеру шаралары басталды. Оған уәкілетті орындардың қызметкерлері қатысады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде