Алматыда әлемнің үздік хореографтары сайысқа түсіп жатыр
Александр Селезновтың 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өрлеу» байқауында 120 биші бағын сынайды.
Автор: Олжас Байжан
25.11.2016
Қатысушылар қатарында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Оңтүстік Африка республикасы және Оңтүстік Кореяның өкілдері бар. Хореография мектептерінің шәкірттері классикалық, ұлттық және заманауи билерді дайындап келген. Ал олардың өнерін әйгілі балетмейстер Михаил Лавровский бастаған қазылар алқасы бағалайды. Жарыстың өзі үш жас буыны бойынша өтпек. Тұңғыш президент қорының қолдауымен бүгін басталған байқау 4 күнге созылып, гала-концертпен аяқталады.
Михаил Лавровский, балетмейстер:
-Байқау ашық өтуі тиіс. Жарыс кезінде қатысушылардың ұлты мен сыртқы келбетіне назар аударылуы маңызды емес. Жақсы билеген ұжым бірінші орынды алады. Осы байқаудың көмегімен хореографияның деңгейі жоғарылай түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!