Ақтөбеде лаңкестерге төтеп берген полицей «Жыл адамы» атанды
Жазда болған лаңкестік оқиға кезінде батырлық танытқан ақтөбелік тәртіп сақшысы «Жыл адамы» атанды. Содырлардың көзін жойып, біреуін тірідей ұстаған Аслан Есентаевты әріптестері марапатымен құттықтады.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.11.2016
Жол-патрульдік қызметте істейтін 28 жастағы аға сержант маусымдағы оқиғаны еске алғысы келмейді. Өйткені жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдайды екен. Дегенмен, қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағанын естігенде бойында ешқандай үрей болмағанын айтады. Дереу сол жерге жетіп, бір содырды құлатып түсірген. Сосын қолына кісен салып, қайта атысуға кірісіпті. Кешқұрым қала шетіндегі полиция бекетіне шабуыл жасаған содырлармен де бетпе-бет кездесіп, бірнешеуін ойланбастан атып түсірген. Өйткені берілген бұйрық солай.
Аслан Есентаев, Ақтөбе қалалық ІІБ қызметкері:
-Атысқа қатысып кеттік. Жерде жатқан қылмыскерден қаруын алып, кісен салып, атысты жалғастырдық. Әрбір адамның борышы деп ойлаймын. Біздер ант берген адамбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!