Лаңкестердің тізіміне қосылып кеткен ақтөбелік ағайындылар полицейлерден 10 миллион теңге өндіре алмады
Қостанай облыстық ішкі істер департаменті лаңкестерге қатысты құпия құжатты таратқан қызметкері үшін 100 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Оларды Қожаниязовтар Ақтөбедегі сотқа берген болатын. Өйткені ағайынды екеуді жазда іздеуде жүрген содырлардың санатына қателікпен қосып жіберген.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.11.2016
Жағабұлақ ауылында тұратын ағалы-інілі екеу өздерінің содырлар тізімінде жүргенін естігенде алғашқыда естерінен тана жаздапты. Артынша мұның қате екенін айтып Ақтөбедегі тәртіп сақшыларына хабар береді. Кейін моральдық шығын талап етіп олардың үстінен сотқа шағымданған. Сонымен қатар тізімді жариялаған газеттен де айыппұл талап еткен еді. Бірақ судья олардың әрекеттерінен еш заң бұзушылық таба алмады. Ал қостанайлық ішкі істер департаментін ғана өтемақы төлеуге міндеттеді. Тек Қожаниязовтар сұраған 10 миллион теңге емес, небары 100 мың теңге алатын болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!