Атышулы Алексей Ни 22 жылдан соң қызметінен кетті
Бас бапкер орнын босатты! Допингке қатысты дау басылмай жатып, еліміздің ауыр атлетикадан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни қызметінен кетті.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.11.2016
Бірақ, бапкердің өзі бұл әрекетінің себебін әлі ашып түсіндірген жоқ. Айта кетейік, Алексей Геннадийұлы еліміздің зілтеміршілер құрамасын 1994 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен қазақстандық ауыр атлеттер 6 Олимпиада, 15 әлем чемпионаты және бірнеше рет Азия ойындары мен Азия чемпионаттарына қатысқан. Талай алтын әкеліп елді қуантқанымен, ол атлеттері допингпен ұсталып енді медальдарын жаппай кері қайтарып жатқанын да айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!