{metadescription}

Алматыда жоғалған курсанттың шотынан қомақты ақша алынғаны белгілі болды

Теміртаулық ана Алматыда жоғалған баласын іздеп жүр! Ішкі істер академиясының білдей курсанты сабақтан сұранып шығып, сол күйі із-түссіз кетіпті. Ұшты-күйлі жоғалған Ахат Исмагиловты оқу орнындағылар да шарқ ұрып іздеп жатыр. Айтуларынша, казармада ешқандай ұрыс болмаған. Десе де ұлынан көз жазып қалған әйелдің оларға сенгісі жоқ. Ал бүгін оның банк картасынан қомақты ақшаның алынғаны белгілі болды.

Татьяна Синева суыққа қарамай, баласының суретін құшақтап көшеде жүр. Әрлі-берлі өткеннен ұлын сұрап, тіпті автобус жүргізушілеріне дейін жалбарынған. 

-Теміртауда тұрамын. Соңғы рет ұлымды осы ауданнан көрген.

Ахат Исмагиловтың хабарсыз кеткеніне осымен алтыншы күн.
Полиция академиясының курсанты анасын өзі қоймай сонау Теміртаудан шақыртып алған екен. Алайда аяқасты байланысқа шықпай қалған.

Татьяна Синева, Ахат Исмагиловтың анасы:

-Ұлым, егер мені естіп тұрсаң, үйге орал. Сені іздеп Алматыға келдім. Өтінемін,бізге қоңырау шал. Қорықпа, саған ешкімнің саусағын тигізбеймін.

Ахатты академиядағылар да іздеп таппай жатыр. Айтуларынша, студент сұранып кеткен. Алайда сол күйі қайтып келмепті. Ішкі істер министрлігіне қарасты мекеме ішінде ешқандай ұрыстың болмағанын айтып, жігіт қыдырып кеткен деген пікірде отыр. Десе де, бұл уәжіне Синеваның сенгісі жоқ. Себебі, курсант анасына курстастарымен сөзге келіп қалғанын айтқан. Ал полицияға сенбеген әйел бірінші боп әлеуметтік желілерге үндеу жазған. Бұнысы тәртіп сақшыларының қытығына тиген сияқты.     

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Сіздердің бұзылған құқықтарыңызды полициядан басқа және құзырлы органдардан басқа ешкім сақтай алмайды. Із-түссіз жоғалған ер жігіт аман-сау. Алматының төңірегінде. Енді оның нақты мекен-жайын және тұрғылықты жерін анықтау бірер күннің шаруасы деп ойлаймыз. Сондықтан ол міндетті түрде табылады деген үмітіміз бар.

Ал бүгін оның банк картасынан қомақты ақшаның алынғаны белгілі болды. Жоғалған жігіт оны өзі алды ма әлде басқа біреу үптеп кетті ме, ол жағы белгісіз. Тәртібі де, үлгерімі де жақсы курсантың табанасты жоғалуы да беймәлім күйде қалып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде