Семейде бір арал мен ауыл қыс басталса да су астында қалуы мүмкін
Сондықтан қазір жұртты эвакуациялау жұмыстарына дайындап жатыр.
Автор: Олжас Байжан
25.11.2016
Шығыс-Қазақстан облысының құтқарушылары бүгін Восточный ауылы мен Полковничий аралындағы жұртты алда болуы мүмкін апат жайлы құлақтандыра бастады. Бұл Ертіс өзенінің арнасынан асуына байланысты. Қазіргі таңда құтқарушылар алдын-алу жұмыстарын жүргізіп, эвакуация кезіндегі әрекеттерін пысықтауда. Қауіпті аймақта офицерлердің екі тобы кезекшілікке тартылған. Елді-мекенге кірер тұста полиция бекеті қойылып, тұрғындардан басқа адамдардың кіруі шектелді. Сағат сайын Ертіс өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізіліп, соңғы мәлімет бойынша 439 см-ге көтерілген. Ертіс дейгейі тағы 11 см-ге көтерілген жағдайда жұрт жаппай қауіпсіз аймаққа шығарылатын болады.
Марат Дәулетин, ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы:
– Үй-үйді аралап, жарнама және ескертпе қағаздарын таратып, су көтерілген жағдайда қандай әрекет жасау керек екендігін түсіндірдік. Қазіргі сағат 14:00-де судың деңгейі 339 см көтерілді. Қауіпті деңгейге 11 см қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!