{metadescription}

Қалың түскен қар Шығыс Қазақстан облысының тіршілігін тұралатып тастады

Әсіресе, Өскемен қаласындағы ахуал қиын. Бір метрге жуық жауған ақ ұлпадан қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтаған. Соның кесірінен жұрт діттеген жеріне жете алмай қиналуда. Тіпті қардың көп түскені сонша, ол жер үйлерді басып қалып, адамдар баспаналарынан шыға алмай жатыр.

Жалғыз басты кейуананың үйі қарға көміліп, далаға шығуы мұң болып тұр. Қала шетінде тұратын зейнеткерге көмектің қашан жететіні беймәлім. Өйткені шенеуніктердің жол тазааумен басы қатып жатыр. Жүзге жуық техника ақ ұлпа түскен бойда күргенімен жолдарды қардан аршып бола алар емес. Қаланың ең негізгі көшелерінің өзі түс ауа әзер реттелді. Қоғамдық көліктердің қозғалысы тежелгендіктен тұрғындар жаяу қатынауға мәжбүр. Алайда, тротуардағы үйілген қардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Жағдайдың қиындап кеткенін екенін мойындаған жергілікті билік кәсіпорындар мен түрлі мекеме басшыларына қызметкерлерін тазарту жұмыстарына жұмылдыруын сұрап отыр. Күре жолдардағы жағдай да мәз емес. Республикалық маңызға ие үш жол қолайсыз ауа райы кесірінен жабылып, жолда қалған 15 көлік пен 21 адам қар құрсауынан құтқарылған.  

Юлия Шмидт, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Меніңше, бұл соңғы қар емес. Аулаларды тазаламайды. Жолдар да аршылмаған. Егер осылай жалғаса берсе біз көктемде еріген сумен ағып кететін шығармыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде