{metadescription}

Назарбаев Астананың атауын өзгертуден бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы бірнеше күнде елде қызу пікірталас тудырған тақырыпқа соңғы нүкте қойды. Президент Астананың атауының өзгермейтінін айтты. Ресей журналисіне сұхбат берген Елбасы брендке айналған бас қаланың атын ауыстырудың еш қажеті жоқ деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бұл - бренд. Сондықтан атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХІ ғасырдағы бірінші саммиті өтті. Қысқы Азия ойындарын қабылдадық. EXPO-2017 өтеді. Осының барлығы Қазақстанмен байланысты, бірақ барлық жерде Астана айтылады. Мұны өзгертудің қажеті не?

Осылайша, елді дүрліктірген депутаттардың ұсынысы тағы жүзеге аспады. 2 күн бұрын Парламенттің біріккен отырысында мәжілісмендер мен сенаторлар Астананы «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп атау туралы бастама көтерген болатын. Тіпті Тұңғыш президенттің есімін Конституцияға жазуды ұсынып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылданған. Бастысы – Елбасының өзі ойлап тапқан Астананың аты сол күйінде қалатын болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде