{metadescription}
Журналистер бір күн бильярдшыға айналды
Журналистер бір күн бильярдшыға айналды

Журналистер бір күн бильярдшыға айналды

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында бильярдтан турнир өтті. Тартысты жарыста КТК арнасының қатысушысы топ жарды.

Спорттық додаға 40-қа жуық журналист қатысқан. Ал, олардың кий ұстап, тас соғудағы шеберлігін кәсіби бильярдшылар бағалады. Жарыста озып шыққан үштік бағалы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздар қатарында арнамыздың намысын қорғаған әріптесіміз Ерланби Даулетияр да бар. Журналистердің басын қосқан бильярд турнирі енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек.

Жанарбек Әшімжан, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары:

- Бұл біздің оңтүстік астанамыздағы ақпарат құралдарының өкілдері, интернет сайттар, порталда қызмет ететін журналистердің бір уақыт қаламнан, жалпы ақпарат кеңістігінен өздерінің ой-санасын босатып, келіп, бұл жерде тек бәсеке емес, сонымен қатар әңгімелесу, пікір алысу. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде