Атырауда Өтеуовтің шағымы бойынша қамауға алынған полицейлер қайта бостандыққа шықты
Атырауда экс-полицей Манарбек Өтеуовтың хаты бойынша айыпталып, уақытша тергеу абақтысына жабылған қалалық криминалды полиция басшысы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтенов қайтадан бостандыққа шықты.
Автор: Жанар Низамутдинова
28.11.2016
Бір қызығы, екеуінің тергеу абақтысынан кепілмен босап шығуына атышулы хат бойынша тексеріс жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобының басшысы ықпал етіпті. Оны Атырау облыстық прокуратурасы да қолдаған. Тіпті алғашында «топ болып, пайда табу мақсатында қызметін пайдаланды» деп тағылған айыптары да жеңілдетіліпті. Енді бұл екеуі «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген жеңілдеу бап бойынша тергеліп жатыр. Еске сала кетейік, биыл 18-ші қазаны күні ұсталған Қабдешев пен Шалтенов бірі кепілге үйін, енді бірін көлігін қойып, абақтыдан босаған. Бірақ, прокурорлар бұл екеуі бостандықта жүріп тергеуге кедергі келтірді деп қайтадан қамауға алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!