{metadescription}

Алматы облысында қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды

Ақтүтек боранға қарамай жолға шыққандар Сарыөзек-Көктал тас жолында арлы-берлі жүре алмай қалып қойған. Алтынемел асуының екі жағынан полиция бекеті қойылып, жұртқа СМС хабарлама жіберілгеніне қарамастан тәуекелге бел буғандар күртік қарға кептеліп түнгі 12-де көмек сұрай бастаған. Құтқарушылар жолда қалғандарға тек 5 сағаттан кейін ғана жетіп, қосымша көмек күшін шақыртыпты. Сөйтіп, 113 адам құтқарылған. Қазір тас жол тазартылуда.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде