{metadescription}

Шығыста аязға байланысты бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды

Қытымыр қысқа байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы елді-мекенде төтенше жағдай жарияланды. Абай ауданына қарасты Саржал ауылы қар құрсауында қалып қойған.

Алдымен бұл өңірде жарты метрге жететін қар жауып, соңы жаңбырға ұласыпты. Іле-шала ылғалды қар үскірік аяздан сіресіп қатып қалған. Енді соның кесірінен малдың жайылымға шығуы қиындады. Жолды да аршу мүмкін болмай, қатынас тұралап тұр. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пен төрт түліктің жем-шөбін жеткізі қиынға соғуда. Осыған байланысты аудан әкімінің шешімімен кешелі бері Саржалда төтенше жағдай жарияланған. 

Марат Еділбаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

–«К-700» тракторлары жол ашып жатыр.  Жылқының табындарына бару үшін. Тек қана бір ауылдың шеңберінде округта жарияланған жағдай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде