{metadescription}
Атырауда жер сатуға қарсы шыққан Боқаев пен Аян 5 жылға сотталды
Атырауда жер сатуға қарсы шыққан Боқаев пен Аян 5 жылға сотталды

Атырауда жер сатуға қарсы шыққан Боқаев пен Аян 5 жылға сотталды

Атырауда жердің шетелдіктерге жалға берілуіне қарсы шыққан белсенділер - Макс Бокаев пен Талғат Аян 5 жылға сотталды. Және екеуіне де 3 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тиым салынып, сондай-ақ, әрқайсысы жарты миллионнан астам айыппұл төлеуге міндеттелді.

21-ші сәуір күні Исатай мен Махамбет алаңында болған жер дауына қатысты бейбіт митинг кезінде белсенділік танытып, көзге түскен бұл екеуіне әлеуметтік, ұлттық араздықты қоздырып, көпшілік шараларды өткізу кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Сот осы үш бап бойынша да кінәлі деп тапты. 6 айдан бері тергеу абақтысында отырған қос белсендіге моральдық көмек көрсету үшін тума-туыстарынан өзге, еліміздің түкпір-түкпірінен қарапайым азаматтар көптеп келген екен. Үкімммен келіспеген олар енді апелляциялық шағым жазбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде