{metadescription}
Ақтөбеде сойқан салған террористер өмір бойына бас бостандығынан айрылды
Ақтөбеде сойқан салған террористер өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Ақтөбеде сойқан салған террористер өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Ақтөбеде жазда сойқан салған содырларға қатысты сот үкімі шықты. Қанды қырғын кезінде тірі қалған жеті лаңкес енді өмір бойы түрмеде жазасын өтейді. Олардан өзге екі содырдың жазасы жеңілдетіліп, 20 жылдан арқаласа, жиһадқа шықпай, жарты жолдан қайтқандардың алды үш жылдан бес жылға дейін сотталды. Олар қылмысты дер кезінде хабарламағаны үшін айыпты деп танылған.

Атышулы процесс өтетін сот ғиамаратын таңнан бері тәртіп сақшылары қоршауға алған. Тіпті көшелердегі қозғалыс та толық тоқтатылды. Лаңкестерге қатысты сот отырысына бұған дейін куәгерлер мен жәбірленушілерден өзге ешкімді кіргізбей келген. Бүгін судья үкімді тыңдауға бәріне рұқсат берді. Тек ол үшін ғимараттағы бес бірдей тексеруден өту керек.

29 сотталушыны залға алдын-ала бірер сағат бұрын жеткізіпті. Олардың тоғызы тірі қалған содырлар, қалғаны қылмысты біле тұра жасырғаны үшін айыпталып отыр. Бәрі де бұған дейін кінәларын мойындап, лаңкестердің сол күні не істеп не қойғандарын білмегендерін айтып ақталған. Дегенмен, басты айтыпталушы жетеуге судья ауыр жаза тағайындады.

Нұрлан Сұлтанов, Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың төрағасы:

-Қылмыстық кодекстің 28-ші бабының 4 бөлігіне сәйкес қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосып, түпкілікті өтеуге мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Тірі қалған лаңскеттердің екеуі ғана ауыр жазадан құтылды. Жұбанов пен Әбдірахманов қару-жарақ дүкеніне шабуылдан соң райларынан қайтқандары үшін жиырма мен жиырма екі жыл арқалап отыр.

Илиада Досова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Сотталушы Әбдірахманов басқа террористтік топ мүшелерімен бірге Паллада қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасауға қатысқан. Алайда содан кейін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында дүкеннен алған мылтықты тастап өзі белгісіз бағытқа кетіп қалып жасырынған. Сөйтіп басқа террористік топ мүшелерімен Пантераға, әскери бөлімге шабуылға қатыспаған.

Қылмыс боларын біле тұра тәртіп сақшыларына хабарламаған 18 адам да бүгін жазаларын алды. Олардың алды 5, арты 3 жылын темір торда өткізуі тиіс. Ал содырды жасырмақ болғандардың бірі төрт жылға сотталса, Өтепов есімді ақтөбеліктің еркіндігін шектеді. Енді ол күн сайын тәртіп сақшыларының бақылауында болып, кешкі сағат оннан соң үйінен аттап шығуына рұқсат жоқ. Айта кетелік, маусымның бесі күні содырлар қару жарақ дүкеніне шабуыл жасап, артынша әскери бөлімге баса көктеп автобуспен кірген. Сол қанды қырғын кезінде 7 адам қаза тауып, 30-ға тарта адам жараланды. Лаңкестік топтың мүшелері бір апта бойы тығылып, бүтін бір қаланы үрейді ұстаған болатын.

-Сотталушылардың үкіммен келіскен, келіспегені әзірге белгісіз. Олардың жақындары мен адвокаттары қандайда бір мәлімдеме жасаудан бас  тартып отыр. Сондықтан апелляциялық шағымның түсу, түспеуі алдағы он бес күн ішінде белгілі болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде