Шенеуніктер халықты жаппай жеке іспен айналысуды үйретпек
Бүгін Үкімет отырысында Әлеуметтік даму министрі шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған ауқымды бағдарламасын таныстырды.
Автор: Досжан Маратұлы
29.11.2016
Тамара Дүйсенованың айтуынша, су жаңа «Өнімді еңбекпен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік» деп аталатын бағдарлама 3 бағытты қамтиды. Ең әуелі жұмыссыздарды жарылқау. Ол үшін министрлік екі қолға күрек таппай жүргендерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға оқытпақшы. Әрі кәсіпкерлікті дамытуды да мықтап қолға алмақ. Жаңа жоба шығыны көп үлкен өндірісті емес, шағын бизнеске қарқынды жол ашады. Ол үшін несие мен субсидия берудің шарттары жеңілдетіліп, тіпті,бизнесмендер шалғай ауылдарға дейін аралап, жұртқа кәсіпкерліктің қыр сырын үйретеді. Бұл шаруаға алдағы үш жылда 244 миллиард теңге бөлінгелі жатыр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
-Шотты қалай ашу керек? Банкпен қалай жұмыс істеу керек? Салықшылармен қалай жұмыс істеу керек? Бизнес жоспарды құру осының бәрін үйретеді. Кейін адамдар қаласа айтылған жолды таңдайды, қаламаса өзінің бизнесін бастайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!