Астанада«Азбука жильяның» топ-менеджерлері сотталды
Астанада салымшылардың ақшасын жеп, үйсіз қалдырған «Азбука жилья» компаниясының он топ-менеджері сотталды. 5-тен 8 жылға дейін түрмеге жабылған басшылардың тәркіленген дүние-мүлкі тегіс сатылып, ақшасына аяқсыз қалған 9 тұрғын-үйдің құрылысы жалғасуы тиіс.
Автор: Ербол Сейілхан
29.11.2016
«Азбука жильяның» тәркіленген дүние-мүлкі мен активтері де сатылып құрылысқа салынады. Бірақ сан соғып қалған салымшылар оның тізімін білмейміз деп өкпелі. Оның үстіне іргетасы қалғанған 9 кешенді тұрғызып бітіру үшін 20 миллиард теңге керек. Ал жұртқа жайлы баспана уәде етіп, 4 мыңнан астам салышының 40 миллиард теңгесін қалтаға басқан экс-депутат Ерғанат Тайжанов Автстрияда үйқамақта отыр. Бас прокуратура құлқыны кең кәсіпкерді қайтаруға шамасы жетер емес. Әкімдік болса, банкротқа ұшыраған «Азбука жильяның» активтерін сатып құрылысты жалғастыруды «Орда инжиниринг» компаниясына жүктепті. Бірақ, үлескерлер құрылыста тәжірбиесі жоқ фирмаға мүлдем сенбей отыр.
Мұрат Қасенов, үлескер:
- «Орда инжиниринг» «Азбука жилья» секілді алдап кетеді. Біздің «Айсанамды» бітіру үшін 4,5 миллиард қаржы керек. Сол қаржыны берсе, басқа компанияны тауып салушы едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!