{metadescription}

Назарбаев рақымшылық жасамақ

Елімізде мыңдаған сотталушы түрмеден мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасауды ұсынып отыр. Тіпті заң жобасы Парламенттің қарауына жіберіліп қойған.

Егер құжатты Мәжіліс пен Сенат қолдаса, Елбасы рақымшылық жасау туралы заңға қол қоймақ. Рақымшылыққа алдымен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар келіншектер, жасы келген адамдар және жеңіл қылмыс жасағандар ілігеді. Заң жобасы аса ауыр қылмысқа барғандардарды жауапкершіліктен босатуға тыйым салады.

Сонымен қатар, сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылып, орташа бұзақылыққа барып, бірақ сот қарап үлгермеген істер тоқтатылмақ. Ал бұл ел тарихында осымен өткізілгелі отырған 8-ші рақымшылық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде